Бізділік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:53, 2012 ж. тамыздың 21 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Бізділік - ұшы қашау тәрізді қайралған, геометриялық фигуралар сызуға, яки арнаулы өрнек салуға қолданылатын болат біз. Металға батыра, ырғай отырып өрнектің өрісін толтыруға пайдаланады. Атау екі сөздің бірігіп айтылуынан пайда болған: біз және білдік. Мұның алғашқысы - кәдімгі біз. Білдік деп қырып-қырнап, ойып, ағаштан ыдыс жасаған кезде оны бекітіп, айналдырып тұратын құралды айтқан. Сонда бізділік дегеніміз ырғап, айналдырып отырып өрнек сапатын құрал болып шығады. Оны безеу біз, кейде мыңырғақ деп те атайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>