Бұрташ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:14, 2012 ж. тамыздың 20 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Бұрташ - малдың зәр шығару қызметін бұзатын ауру түрі. Бұрташқа шалдыққан түйе зәр шығара алмай ары-бері аунай береді. Ондайда өркешінің артына сынық сүйемдей ұзын мыс біз шаншиды. Егер шара әсер етсе, түйе зәр сындырады. Ал бұрташпен ауырған қозы-лақтың кіндігінен үш елі төмен тұстан, «ақ сызық» (үйек) бойымен біз шаншиды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>