Белдеуқұрт
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2012 ж. тамыздың 17 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Белдеуқұрт - мініс атына дұрыс күтім жасамағандықтан өршитін дерт. Күнұзақ тынықтырылмай, ауыр жұмыстан соң суытпастан қаңтарып, үйдің белдеуіне ұзақ байланған ат белдеуқұрт ауруына ұшырайды. Ауру атауын соған байланысты белдеуқұрт деп атаған. Отты-сулы жерге арқандалып, ауыздығы алынып отықтырылған ат белдеуқұрттан тез айығады делінеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>