Бас балуан
Бас балуан - бірнеше балуанның ішіндегі жеңімпазы, топтағы балуандардың маңдайалдысы. Күрескен адамын үнемі жығатын, ерен күш, қайрат пен әдіс-айла иесі. Денесі аса ірі балуанды түйе балуан, өгіз палуан деп те дәріптейді. Бас балуан үлкен жиын, астарда ру мен қауымның беделі мен абыройы сынға түсетін шақтарда олардың намысын қорғаушы ретінде саналады. Көршілес халықтармен этномәдени байланыстарда бас балуан үлкен жиындарда елдің, жұрттың, ұлыстың намысы үшін сайысқа түскен. Қазақпен көршілес халықтарда Бас балуанды сайысқа шығарарда оның айбынын асыру үшін «ноқталап», арқандап шығару, денесін қайыспен орау, арнайы киім кигізу дәстүрі болған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>