Әлім ботқа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:50, 2012 ж. тамыздың 10 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлім ботқа - егінші қазақтар арасында құдайытамақ беру дәстүрімен байланысты дайындалатын, егіс басында құрбандыққа шалынған малдың етіне тазартылған бидайды қосып жасайтын тағам түрі. Байырғы ортада егіншілікпен айналысқан адамдар Диқан бабаны пір тұтып, егіншілікке байланысты жылдық жұмыстардың маңызды бастамаларында оған үнемі сиынып, жалбарынған. Дәстүр бойынша жаңа астық пен оның пірі - Диқан бабаға арнап, елге дәм татқызып, құрмет көрсетіп, соңында дұға бағыштап отырған. Құрбандық малдың етін қырманның жанында үй иесінің әйелі асқан. Осы жерге көршілері мен ауылдастарын қырман тойынан дәм татуға шақырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub