Ат байлар (кәде)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:01, 2012 ж. тамыздың 7 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ат байлар — күйеу жігіт қалыңдығының аулына тұңғыш рет барғанда орындалатын кәде. Күйеу қалыңдық аулына алғаш келгенде ауылға баса-көктеп кірмей, алыстан аттан түсіп, ізет білдіреді. Күйеу атын қарсы алушылардың біреуі жетелеп апарып байлайды. Осы үшін күйеу кәде береді. Бұл кәде көшпенділердің қадым замандағы бір-бірімен келіссөзге, бітімге келгенде қару-жарақтарын шешіп, аттарынан түсіп жаяулап барып жүгініске отыру дәстүрінен қалған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub