Мейірхан Ақдәулетұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:32, 2015 ж. желтоқсанның 31 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақдәулетұлы Мейірхан (10.8.1951. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) – журналист. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1981). Еңбек жолын шопандықтан бастап, тракторшы, Қарабұтақ ауданы комсомол комитетінде қызметкер, «Жаңа өмір» газетінде тілші, «Пионер» журналында аға редактор, «Арай-Заря» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Қаржы-Қаражат» баспасының бас редакторы, «Дәуір-Время» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Алтын Орда» газетінің бас редакторы (1981-2004), 2004 жылы қараша айынан бастап ЖШС «Шамшырақ» директоры. 2001 жылдың сәуір айынан «Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. «Бастау» (1980), «Шырақ ғұмыр» (1984), «Жалғыз досым - жүрегім» (1990), «Дәруішнама» (1996) кітаптарының авторы.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала