Ахтанов Сағидолла Халекесұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:28, 2016 ж. сәуірдің 3 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Ахтанов Сағидолла Халекесұлы — 1955 жылы Гурьев облысының (қазіргі Атырау) Забурино елді мекенінде туған. График, сәулетші.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>
- 1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркем-сурет институтын бітірген.
- 1989 жылдан КСРО Дизайнерлер Одағының мүшесі.
- 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі. Республикалык көркем-сурет көрмелерінің қатынасушысы.
- 1983—1985 жылдары Ақтау қаласының бас суретшісі болып қызмет істейді.
- 1985—1991 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы көркем сурет қорының Гурьев облысындағы филиалының директоры болады.
- 1991 —2000 жылдары "Маңғыстау Дизайн" қоғамының бас дизайнері әрі директоры болады.
Қазіргі кезде "Бала — Би" журналының бас суретшісі және Алматы қаласындағы Республикалык "Нақнақ" атты сатиралық журналдың көркемдеуші редакторы.
Дереккөздер
<references/>