Ремарка

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:10, 2014 ж. мамырдың 8 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ремарка<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref>, ескертпе (франц. remargue — ескерту, белгілеу) — пьесада кейіпкерлер бейнесін ашып көрсету мақсатында қолданылатын қосымша түсінік сөз. Ремарка кейіпкерлердің жасына, мінез-құлқына, түр-тұлғасына, қимыл-қозғалысына, киім киісіне, көңіл-күйіне, дауыс ырғағы ерекшеліктеріне қатысты. Заттық әлемнің адам психологиясын ашудағы әсерін А.Н. Островский, А.П. Чехов, Б.Шоу, Т.Уильямс туындыларынан байқауға болады. Әрбір кейіпкердің мінез-құлық ерекшелігіне тән түсінік беру арқылы оның өзгеге ұқсамайтын, айрықша кескін-кейпін елестету мүмкіндігі туады. Ремаркада актіге, көрініске, эпизодқа қатысты, оқиға өтетін жер мен қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға байланысты жайларға нақты сипаттама беріледі. Ремарканың мән-мағынасы драм. шығарманың жанры мен стиліне сәйкес келеді. Мыс., ЧеховШиелі бақпьесасында символдық ескертпесін екі рет қайталаған. Ж.АймауытовтыңІанапия мен Шәрбану” атты пьесасындағы (10-көрініс алдында) Сазанбай мен диуананың бата қылғаны жайындағы ескертпесі Ремаркаға мысал бола алады.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub