Тұрсынбай Саурамбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұрсынбай Саурамбаев (1894, Түркістан ауданы Сауран ауылы – 1971, сонда) – Социялистік Еңбек Ері (1948). 1929 – 42 жылдары ұжымшарда қоймашы, басқарма төрағасы. 1942 – 43 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1943 – 61 жылдары Түркістан ауданындағы ұжымшар, кеңшарда жылқы фермасының меңгерушісі, басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"