Гуля Жәлелқызы Қизатова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:43, 2016 ж. сәуірдің 17 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
Гуля Жәлелқызы Қизатова (5.8.1948 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы) – филолог, филология ғылымының кандидаты (1979). Қызылорда педагогика институтын (1971), ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) аспирантурасын (1978) бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы 217 мектепте мұғалім болудан бастаған. Қизатова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетте филология факультетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, әлем тілдері факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 30-ға жуық ғылыми еңбегі бар. Қизатова «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» (1992), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау