Есімқан Қалмағамбетұлы Есенбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
07:15, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Есімқан Қалмағамбетұлы Есенбаев - 1947 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Хронологиясы
- Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген(1974), ауыл шаруашылығы инженер-механигі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
- 1967 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарының жөндеу шебері.
- 1967 жылдың қазанынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1968 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшары шеберханасының бақылаушы механигі.
- 1969 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының студенті (Орал қ.).
- 1974 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарының бас инженері, директоры.
- 1985 жылдың қыркүйегінен - Ақтөбе облысы Комсомол ауылының төрағасы;
- 1991 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Комсомол аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1992 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облысы Бөгеткөл ауданы Бөгеткөл аудандық әкімшілігінің басшысы.
- 1994 жылдың мамырынан - Ақтөбе облыстық әкімшілік басшысының бірінші орынбасары.
- 1995 жылдың қазанынан - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының әкімі.
- 1997 жылдың шілдесінен - Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
- 1999 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.
- 2002 жылдың желтоқсанынан бері - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.
Жетістіктері
- «Құрмет» орденімен (2005);
- «Ерен еңбегі үшін»,
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Үйленген. Жұбайы - Есенбаев Дәметкен Зайноллақызы, дәрігер. Қызы - Есенбаева Гүлнара; Ұлдары - Есенбаев Асылбек, Есенбаев Ақылбек.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>