Роза Құспанова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:11, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
РозаҚұспанова (20.5. 1936, бұрынғы Фурманов ауданы, Қарасу ауылы) - қобызшы, еңбек ардагері (1985), ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері (1991). Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптар бөлімін тәмамдаған (1960). «Қазақ концертте (1960-66), консерваторияның жанындағы фольклорлық кабинетте (1966-1975) жұмыс істеген. Алматыда С.Прокофьев атындағы 3-музыка мектебінде алғаш қобыз класын ашқан (1975), Лұқпановтар ансамблінің мүшесі (1966-80). «Ықыластың қобызы» (А.,1999), «қобызға арналған хрестоматия» (А., 1998), «Сағыныш» (жеке дауысқа арналған әндер) (А., 1999) атты кітаптардың авторы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>