Несібек-нұр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:14, 2014 ж. мамырдың 15 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Несібек-нұр – айтулы халық емшілері. Бұл тумалас екі адам. Емсектік, сынықшылық Несібекке дарыған, одан кейінгі ұрпақтарына жалғасқан. Несібек (1780, Бозащы түбегі – 1860) – емші. Несібек адам ағзасындағы кеселге ұшыраған бөліктерін отау жолымен алып тастайтын болған. Дененің тиісті бөлігін жібек жіппен тігетіні туралы да деректер ел арасында сақталған. Емге Маңғыстаудың табиғи дәрілік өсімдіктердің кейбір тамырларын, өскіндерін, малдың майларын пайдаланған. Осы күнге жеткен деректерге сүйенсек, Несіпбек емші бас, жүрек, бөтеке, іш құрылысы, қан қысымы ауруларын емдеп жазған. Несіпбектің туысы Нұр да ел арасында емшілік қасиетімен белгілі болған. Бірақ дәстүр бойынша аға тұрғанда ініге жол бола бермейтініне байланысты Несіпбек есімі айрықша аталатыны да бекер емес. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub