Жайлығыз Төребаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2017 ж. ақпанның 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Төребаева Жайлығыз (1934 жылы туған, Атырау облысы Бақсай ауданы Алға ауылы) – педагог, КСРО «Халық ағарту ісінің үздігі». Гурьев мұғалімдер институтын (1954), Қызылорда педогогикалық институтын (1963) бітірген. 1954 жылдан Жылыой ауданындағы Тереңөзек орта мектебінде, Жданов атындағы орта мектепте, Қарақұм орта мектебінде ұстаздық қызметтер атқарған. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» (1963) белгісінің, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>
Дереккөздер
<references/>