Сыздық Нұрымбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:14, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сыздық Нұрымбетов (1879 жылы туған, Шеңгелді ауылы (бұрынғы №24 ауылы) — 1955, сонда) — ұста-зергер. Шаруашылық құрал-саймандарын, зергерлік әшекейлерді жасаған. Ол әсіресе, ұламалаудың шебері болған. Ұламалау деп жүзі кетіліп, тозығы жеткен құрал-саймандарды отқа салып балқытып, қосымша темір жапсырып, қай¬та соғып жасауды, қайта қалпына келтіруді айтады.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>