Петр Алексеевич Долматов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:17, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Петр Алексеевич Долматов (1942 жылы туған, Алматы) – журналист, Қазақстан журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі (2002).
- 1969 – 2002 жылдары «Огни Мангышлака» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
- Шевченко қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі,
- Облыстық телерадиокомпаниясының төрағасының орынбасары, бас редакторы.
- «Вестник» газетінің редакторы, Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының төрағасы болды.
- 2002 жылдан облыстық «Огни Мангистау» газетінің редакторы. Облыстық халықтар ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының Маңғыстау облысы басқарма ұйымының мүшесі.
- «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен, «КСРО телевидение және радио саласының үздігі» (1990) белгісімен марапатталған.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
</ref>
Дереккөздер
<references/>