Кәрібай Тұңғатарұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:07, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
- Кәрібай Тұңғатарұлы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (1861, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарғыба өзен сағасы – 1931, сонда, Ақсуат кенті) – ақын. Жас күнінен өлеңдер шығарып, “бала ақын” атанған. 1910 жылы Алакөл маңындағы Көктұма деген жерде Әсет ақынмен айтысып, атағы елге жайылады. Кәрібайдың көптеген өлең-жырлары ел қорғау тарихынан сыр шертіп, халық батырларын дәріптейді. 1931 жылы аштық кезінде Қытай жеріне көшіп бара жатқанда ГПУ қызметкерлерінің қолынан қаза табады. Кәрібайдың Әсетпен айтысы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т.) және Әсет Найманбаевтың “Шығармалар” жинағында (1988), 1931 жылы ашаршылыққа ұшыраған халық күйзелісін жырлаған өлеңі Ә.Сәдуақасұлының “Тарихыңды танып біл” кітабында (1996) жарияланды.
Дереккөздер:
<references/>