Сауытбек Ұсаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:37, 2016 ж. қыркүйектің 12 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сауытбек Ұсаұлы (1870, Шу ауданы, Қосқұдық мекені – 1932, сонда) – халық ақыны, әнші. Кедей шаруа отбасында туған. Сауытбек есімі Шу өңірінде өмір сүрген «Ашаның алты салы» атанған өнерпаздың бірі ретінде кеңінен танымал болған. Оның «Ақбөпе» дастаны, «Сақпантайға», «Садыр биге», «Нәметқұлға», «Сәкен Сейфуллинге», «Шымкенттен сәлем», тағы басқа өлеңдері, Майса қызбен, інісі Сыбанбекпен айтыстары, Мырзабай, Балқыбек ақындармен қақтығыстары, «Ақбөпе», «Сұлукеш», тағы басқа әндері сақталған. А.В. Затаевич Сауытбектен оның бірқатар әндерін және көптеген халық әндерін жазып алған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Жамбыл облысы энциклопедиясы. Алматы, ISBN 9965-9389-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала