Ольгерд Васильевич Ким
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:41, 2014 ж. маусымның 14 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Ольгерд Васильевич Ким (20.5.1925, Ресей, Приморье өлкесі, Хасан ауданы Иваново селосы – 2003, Алматы қаласы) – техника ғылымының докторы (1973), профессор (1974).
- 1949 - Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген.
- 1949-1952 - «Қарағанды көмір» комбинаты 55–57 шахтасында телім бастығының орынбасары, бастығы,
- 1952-1964 - 55–70 шахтасының бас инженері, шахта бастығы,
- 1964-1966 - Қарағанды ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
- 1966-1967 - Қазақ КСР-і Көмір өндірістік басқармасында бөлім бастығы, *1967-1969 - Ғылыми-зерттеу орталығы бөлімінің бастығы,
- 1969-1994 - Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институты ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары,
- 1994-1996 - Көмір техникалық бөлімінің меңгерушісі,
- 1994-1996бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарған. «Исследования и разработка технологии и средств выемки тонких и средней мощности угольных пластов, залегающих в сложных горно-геологических условиях Карагандинского бассейна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері адамның қатысуынсыз орындалатын көмір қазатын құралдар мен технологиялық сұлбалар жасауға арналған.
Ким 230-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>