Сағидолла Кәрімов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:08, 2015 ж. қыркүйектің 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Сағидолла Кәрімов (12.6.1941 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымының докторы (1983).
- 1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
- 1964 жылдан Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды.
- 1975 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері вирустар экологиясына арналған. 2 авторлық куәлік алған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, ҚР ғылымы</ref>
Дереккөздер
<references/>