Иванов Всеволод Вячеславович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:56, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иванов Всеволод Вячеславович <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (17.9.1905, Польша, Седлец қаласы – 1985) – биология ғылыми докторы (1954), профессор (1954), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961).

Одесса университеттінің биология факултетін бітірген (1926). Орал ауылы шаруашылығы техникумының ботаника кафедрасында (1933–84; кейіннен Орал педогокикалық институты) жұмыс істеген. Иванов Всеволод Вячеславович Каспий теңізінің Солтүстік аймағындағы, Мұғалжар, Бузулук, Еділ мен Жайық, т. б. жерлердегі өсімдіктерді, әсіресе, ағаштарды зерттеген. Иванов Всеволод Вячеславовичтың 300-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде «Из материалов к изучению лесорастительных условий средней части Гос. лесной полосы Вишневая Каспий» (1953), «Физико географический очерк Западного Казахстана» (1953), «Кормовая база пути ее реконструкции в Северной части Междуречья Волги и Урала» (1954), «Степи Западного Казахстана в связи с динамикой их покрова» (1958), т. б. бар.

Әуезовпен байланысы

Әуезовпен тығыз шығармашылық, достық қызметі жөнінде «Жыр туралы роман» (1948), «Ұлы туынды» (1957), «Абай» рома­ны туралы (1967) т. б. мақалалар жазды. Ал «Ән туралы роман» деген мақаласында (1948) қазақ мәдениетінің ғажайып құбылысы ғана емес, жазушының өзінің де жан-жақты кемелденген кемеңгерлігін дәлелдейтін, таңқаларлық көп үнді, мінсіз қашалған бейнелері мол, халық қуатының айбынын танытатын адамгершілік қасиеттерге толы, адамға сенімді үйрететін Әуезовтің «Абайы» сынды асылдар туды деп жазды («Біздің Мұхтар».<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub