Көбен Әбжанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:35, 2017 ж. ақпанның 25 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Көбен Абжанов (1.1.1929, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті – 30.7.1981, Алматы қаласы) – заң ғылыми докторы (1969), профессор (1970). Алматы мемлкеттік заң институтын (1950) бітірген соң осында аға оқытушы (1950–1960), Қазақ КСР-і Министрилігінде Кеңесінде құқық тобының бастығы (1960–1961), ҚазМУ-да доцент (1961–1970, қазіргі ҚазҰУ), кафедра меңгерушісі (1970–1981) қызметтерін атқарған. 1969 жылы «Еңбек шартының мәні» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – кеңестік еңбек құқығының мәселесі.
Шығармасы:
- Трудовые права молодых рабочих, А.-А., 1977.
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>