Плазмалық жарғақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:07, 2015 ж. қыркүйектің 24 кезіндегі 85.117.119.220 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Плазмалық жарғақ (плазмалық мембрана) — жасуша қабықшасы — плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құралым, қалындығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті жарғақ құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді. Плазмалық жарғақты құрауға билипидті жарғақпен байланысқан интегральды, жартылай интегральды және шеткі протеиндер молекулалары енеді. Плазмалық жарғақты 40% липид, 60% протеиндер құрайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub fa:غشای یاخته ru:Плазматическая мембрана th:พลาสมา เมมเบรน