Көкірек керегесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:32, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Gray112.png
Көкірек керегесі.

Көкірек керегесі (Үлгі:Lang-la) - жануарларда жоғарғы (адамда — артқы) жағынан көкірек омыртқаларынан, екі бүйірінен қабыртқалардан, төменгі (адамда — алдыңғы) жағынан төссүйектен құралған біліктік қаңқаның бөлігі. Көкірек керегесінің пішіні екі жағынан кесілген конусқа ұқсайды. Оның алдыңғы (адамда - жоғарғы) кіші кіреберіс тесігін: I көкірек омыртқасы, I қабыртқалар және төссүйектің тұтқасы, ал артқы (адамда - төменгі) үлкен шығаберіс тесігін: соңғы көкірек омыртқасы, соңғы қабыртқалар мен қабыртқа доғалары және төссүйектің семсерше шеміршегі шектейді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub

ar:صدر hu:Mell ku:Sing