Ковеллин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:46, 2014 ж. маусымның 10 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Ковеллин (Италия химигі Н.Ковеллидің есімімен аталған) – сульфидтер класының минералы. Химиялық формуласы CuS. Изоморфты қоспалары Fe, кейде Ag. Гексагональдік сингонияда кристалданады. Кристалдары таспа, ұнтақ тәрізді. Түсі көктен қараға дейін, қатт. 2 – 2,5, меншікті салмағы 4,6 – 4,7 г/см3, морт сынғыш. Сульфидті кен орындарының цементтену белдемдерінде түзіледі. Ковеллин Қазақстанда мыс-сульфидті кен орындарында кездеседі.
Дереккөздер
<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том