Сарыарқаит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:29, 2014 ж. маусымның 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сарыарқаит, сарыаркаит — силикаттар класының сирек жер элементтерінің минералы. Құрамы күрделі, тетрагоналды сингонияда кристалданады. Кристалдары жіңішке призмалы, агрегаттары ұсақ кристалды немесе радиалды тарамды. Түсі ақшыл, жылтыры күңгірт; қатт. 3,5 — 4,0, тығызд. 3,07 — 3,15 г/см3. Сарыарқаит генетик. андалузит, кварц-серицит, алунит, т.б. минералдармен бірге жаралады. Бұл минерал дүние жүзінде бірінші рет Қазақстанда, Сарыарқада ашылғандықтан (О.Кроль, В.Чернов, Ю.Шипавалов, Г.Хан, 1964) “Сарыарқаит” деп аталған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>