Органикалық анализ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:20, 2014 ж. мамырдың 29 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Wohler synthesis.gif
Велер синтезі

Органикалық анализ, органикалық талдау – органикалық заттардың сандық, сапалық құрамын және химиялық құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Органикалық анализ элементтік, функционалдық анализдер болып екіге бөлінеді. Элементтік анализ – органикалық қосылыстардың құрамына кіретін элементтерді сандық және сапалық тұрғыдан анықтау болып табылады. Ол екі кезеңнен: анықталушы элементтің органикалық заттың құрамынан бейорганикалық қосылыс түрінде бөлінуі және бейорганикалық анализ әдістерімен сандық немесе сапалық анықтау. Функционалдық анализ – органикалық зат құрамына кіретін реакцияға қабілетті атомдар немесе олардың жиынтығынан құралған топтарды (карбоксил –COOH, нитриль –CN, азотоп –N=N–, т.б.) анықтау. Бұл әдіс затты физикалық-химиялық қасиеттеріне сүйеніп анықтауда көп қолданылады. Көп жағдайларда қорытынды нақты болу үшін физикалық және физикалық-химиялық аспаптар және физикалық-химиялық әдістер (мысалы, ИІ, УК, ЯМР, раман, рентген-, масс-спектроскопия, т.б.) қолданылады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub