Жасанды элементтер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:26, 2011 ж. қарашаның 25 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жасанды элементтерядролық реакциялар нәтижесінде алынатын химиялық элементтер. Жасанды элементтер (технеций, прометий, астат, трансуран элементтері) табиғатта кездеспейді, оларды жасанды жолмен алады. Мысалы, молибденді дейтронмен атқылағанда технеций, актинийдің ыдырауынан франций, висмутты -бөлшектермен атқылағанда астат алынды. Жасанды элементтердің изотоптары радиоактивті болғандықтан, оларды радиоактивті элементтер деп те атайды. Кейбір Жасанды элементтер (уран, плутоний) ядролық реакторда қолданылады.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала