Міңгірлеу, мұрнынан сөйлеу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:33, 2014 ж. маусымның 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Міңгірлеу, мұрнынан сөйлеу — балалардың зиянды әдеттерінің бірі. Тіл мүкістігіне байланысты дыбыс шығар кезде мұрын мен ауыз қуысының қалыпты қарым-қатынасы бұзылады да дауыс тембрі өзгеріп, дыбыс дұрыс айтылмайды. Ауруға тіс-жақ жүйесінің және сөйлеу мүшелерінің ауытқуы себеп болады. Емі: дыбыс шығаруға кедергі келтіретін себептердің алдын алу, болдыртпау. Мысалы, тілдің қысқалығын тілу, ұлғайған тамақ-мұрын бездерін алып тастау. Асқынған жағдайда уранопластика жасалады. <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>
Дереккөздер
<references/>