Сызықты иммунды диффузия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:18, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сызықты иммунды диффузия — иммундыдиффузия реакциясының бір түрі.
Оның өзі екіге бөлінеді. Қарапайым (Уден реакциясы) — шыны пробиркадағы антидене косылған гельге антиген ерітіндісін қосады, ол гельге сіңіп, арнайы антиденелермен байланысып, преципитат сызықтарын жасайды. Қосарланған сызықты иммунды диффузия (Окли және Фулторн реакциялары) антиген мен антидене бір-біріне қарсы жылжиды да, иммунореагенттері жоқ бейтарап гель қабатында преципитат сызығын жасайды.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>