Топырақты ылғалдандыру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:03, 2014 ж. мамырдың 1 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Топырақты ылғалдандыру, ылғалдандыра суару — өніп-өсуден тыс кезенде егіс себу алдында топырақтағы жеткілікті дәрежеде жоғары ылғал қорын жасау үшін қалыптан жоғары суару. Табиғи жағдайда топырақтың ылғал мөлшері жеткіліксіз болғанда өніп-өсудің бастапқы кезінде ауыл шаруашылығы дакылдарының жаппай өнуі мен қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қолданылады; вегетациялық суарулардың санын азайтады. Қуаңшылық аудандарда кеңінен тараған. Күзде немесе ерте көктемде (дақылдарды себер алдында) жолақтармен немесе жүйектермен суару түрінде, ал далалық аудандарда жаңбырлата суару қолданылады. Жем-шөп дайындау аудандарында көлдете суармалау (бастыра суармалау кең тараған).<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub