Көмірлену газдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:27, 2014 ж. мамырдың 15 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Көмірлену газдары. Органикалық заттардың (көмірлердің, көмірлі таужыныстардың, жанғыш тақтатастардың, шашыранды органикалық заттардың) көмірлену процесі барысында дараланатын газ тектес өнімдер. Көмірлену газдарының негізгі құрамы: С02, H2S, NH3 және көмірсутектер (метан және оның гомологтары). Көмірленудің алғашқы сатыларында С02 көбірек бөлінсе, соңғы сатыларында көмірсутектер көптеп бөлінеді. Көмірлену газдарының көмірсутекті бөлігінің құрамы ол қалыптасқан органикалық заттардың тегіне тікелей байланысты.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}