Итқұсық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:47, 2016 ж. наурыздың 4 кезіндегі Kmoksy (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Итқұсық, шумания (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы немесе сасыр туысына жататын түр. Негізінен Орта Азия мен Иранның шөлейтті жерлерінде өседі. Қазақстанда құмды және құмды-қиыршықтасты жерлерде өсетін 1 түрі – Карелин Итқұсықы (Scһ. Каrеlіnіі) бар. Биіктігі 25 – 40 см, түйнекті-тығыздалған тамырлы өсімдік. Сабағы жоғары жағына дейін бұтақтанған. Төменгі жапырақтары қысқа сағақты, сабақ бойындағылары жіңішке сабақ қынабында орналасқан. Тостағанша жапырақшаларының біз тәрізді тісшелері болады. Күлтелері (ұзындығы 1,5 мм) жасыл сарғыш түсті. Гүлдері отырмалы, олар шатыршагүл шоғырына топталған. Шатыршасы (ені 12 см), 15 – 23 сәулелі. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі жұмыртқа тәрізді, шеттерінде ақ жолағы болады. Өсімдіктің түйнегі хош иісті, сондықтан оны тағамға қосады.

<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала