Жүнжапырақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:55, 2016 ж. наурыздың 9 кезіндегі Kmoksy (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Жүнжапырақ (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың төменгі беткейлерінде өсетін 1 түрі – мақтатүсті Жүнжапырақ (L. gossypіnum) бар. Биіктігі 10 – 80 см, сабағы тік, бұтақты, қалың мақта түкті өсімдік. Төменгі жапырақтары сағақты, дөңгелек, сабақ бойындағылары отырыңқы. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, себет гүлшоғырына топталған. Тамыз – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары жалпақ, түкті.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub