Жыландысай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:17, 2014 ж. мамырдың 13 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Қысқаша мәлімет
Жыландысай– Шалқар алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 2740 км². Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі Шағырай үстіртінің солтүстік-шығысынан басталып, Берденсор қонысы тұсында сорға сіңіп кетеді. Арнасы көбіне жайпақ келеді. Көктемде еріген қар суымен толығып, жазда тартылып қалады. Жыландысайдың алабы – күзгі және көктемгі мал жайылымы. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />