Висмут кентастары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:25, 2011 ж. қарашаның 23 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Висмут кентастары –құрамында висмуты бар минералдық шикізат. Бұл қатарға жеке В. к. мен құрамында висмут бар түсті және асыл металдардың кешенді кентастары кіреді. В. к-ның басты минералдары висмут, висмутин, козалит, айкинит, тетрадимит, теллуровисмутит, бисмит, бисмутит. В. к-нда, сондай-ақ қорғасын, мыс, күміс, алтын, кобальт, никель кездеседі. В. к. эндогендік және экзогендік жағдайда түзіледі. Эндогендік кендер гранитоид кешендерінің соңғы сатыларымен байланысты. Олардың түзілуі, негізінен, грейзендік, скарндік және жоғары темп-ралы гидротермальдық. Экзогендік жағдайда түпкі кендердің бұзылуынан түрлі генезисті шашыранды кенқорымдар түзіледі. Қазақстанда В. к. Сарыарқаның сирек металл кендерінде және Кенді Алтайдың полиметалл кендерінде шоғырланған.

Үлгі:Суретсіз мақала