Балқаш борасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:43, 2014 ж. мамырдың 13 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Балқаш борасы , Қоңырат желі – Шыңғыстау жотасынан Балқаш көліне қарай соғатын құрғақ, суық жел. Жотаның солтүстік-шығыс беткейіне жиналатын суық ауа оның оңтүстік-батысындағы жылы ауамен әрекеттесуінен пайда болады. Негізінен қыста байқалады. Желдің жиі қайталану себебінен тау беткейлерінде өсімдік сирек өседі.