Тізе жастық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:48, 2016 ж. қаңтардың 31 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Тізе жастық немесе Кепіл - бала жататын басіктің жабдығы.
Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне келіп кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Түбек орналасқан ойықтың төңірегіне таңылады. Жастықшаның ішіне мақта салынады. Әдетте 4 тізе жастық салынады: екеуі көлденең, екеуі - ұзынынан.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999