Тұрып

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:26, 2016 ж. ақпанның 26 кезіндегі Kmoksy (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұрып (редька) Барлық жерде өсіріледі. Ең жақсы сорттары: Одесская 5 (жаздық сорты) және Зимняя круглая черная. Олардың пісу мерзімі ұзақ болады (көктемге дейін сақталуы мүмкін).

Тұрыптың құрамында 90%-ке жуық су, қант, клетчатка, 29 мг % С витамині бар. Тағамға тұрыпты тілімдеп туралған немесе үккіштен өткізген күйінде, сондай-ақ қаймақ, өсімдік майын, қаздың немесе үйректің майын, квас қосып пайдаланады. Ащы дәмін кетіру үшін, үгітілген тұрыпқа тұз қосып, әбден араластырып, 15 минут қоя тұру керек, содан соң сығыл, бөлінген шырынды төгіп тастайды да, май немесе қаймақ қосады, сондай-ақ үгітілген тұрыпқа үгітілген сәбіз қосуға да болады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:WikifyҮлгі:Stub