Тарақ балық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:35, 2015 ж. қарашаның 3 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Тарақ балық (Елец)— тұщы суда өседі. Тұқым тұқымдасына жатады. Оны Каспий, Қара, Азов, Ақ, Баренц және Балтық теңіздерінің бассейндерінен, Ладога, Онега, Байқал, Зайсан көлдерінен аулайды. Сондай-ақ олар Сібір өзендері мен көлдерінде де (Европадағылардан ірілеу) кездеседі. Салмағы 200 грамға дейін болады. Еті дәмді болғанымен, қылтанақты келеді. Тарақ балықты қуырыл, ыстап — келтіріп және қақтап жейді.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
Дереккөздер
<references/>