Ұнтақ әдісі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:50, 2015 ж. наурыздың 5 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Ұнтақ әдӀсӀ — минералдарды рентген-құрылымдық тұрғыдан зерттеу әдістерінің бірі. Зерттелмек кристалл ұнтақталады да, сол ұнтақтан қатты сығылған шағын бағана дайындалады; осы бағанаға нақтылы сипатты рентген сәулелерін төтелеу нәтижесінде дебеграмма деп аталатын түсірімдер алынады; әрбір минерал тек өзіне ғана тән дебеграммалық кескіндерді иеленетін болғандықтан, оларды зерттелген нысанды танып-білу мақсатында пайдалануға болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>