Нұрбол Жұмасқалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрбол Жәрдемұлы Жұмасқалиев - Қазақстан футболшысы. Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы мамырдың 11 жұлдызында Орал қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 76 сантиметр. Салмағы 68 килограмм. Жартылай қорғаушы. Қазірде Қостанайдың "Тобыл" футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнайды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы. Қазақстан құрама командасында алғашқы ойын Эстониямен матч болғанда 2001 жылының 14 қарашада өткізді.
Мазмұны
Карьерасы
«Нарын»
Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның батысында дүниеге келді. 6 жасынан бастап футбол ойнай бастады. Оның бірінші жаттықтырушысы Болат Шалаев болған. 11 жасында Қазақстанның барлық жерінен жас өрендерді жинап жүрген «Намыс» (Алматы) клубына ауысқан. 16 жасында Нарынға шақырту алған.
Нұрболдың клубы Қазақстан Суперлигасында өнер көрсеткен. Алғашқы матчын Теміртаудың Болат ФК клубына қарсы өткізген. Бүткіл маусым бойы Нарын бірде бір ойында жеңіске жете алмады. Сөйтіп Нарын бірінші лигаға түсіп қалды.
«Жетісу»
Берік Арғымбаевтың шақыртуымен Талдықорғанның Жетісуына ауысып келді. Жұмасқалиев негізгі құрамда ойнады. Жаттықтырушысы оны шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлінде ойнатты. Клуб маусымды 15 орынмен аяқтады. Жұмасқалиев Суперлигада 30 кездесудің 24 інде алаңға шықты.
«Тобыл»
2000 жылы Нұрбол Жұмасқалиев өзінің клубтасы Абай Аманбаевпен бірге Қостанайдың Тобылынан келген ұсынысты қабылдайды. Бірінші маусымда-ақ Нұрбол маусымның ең үздіктерінің бірі атанады. Артынан ол команданың көшбасшысы және капитаны болды. Тобылға ауысқаннан кейін ол Қазақстан құрамасына шақырту алды.
2008 жылы Нұрбол Ақтөбеге қарсы «алтын матчта» ойнады. Пенальти сериясында ол шешуші допты соға алмады. Бүл маусым оған күйреу маусымы болды.
Екі рет Интертото Кубогы, бір рет УЕФА кубогында өнер көрсетті. 2003 жылы Нұрбол «Тобылдың» сапында 2 кезеңде жеңіске жетті. 2006 жылғы УЕФА кубогында Базелдің қақпасына доп соқты. (Екі ойынның қорытындысы бойынша «Базель» 3-1 есебімен жеңіске жетті). 2007 жылы шетелдік 3 клубты жеңіп ,«Тобыл» Интертото кубогын жеңіп алған командалардың бірі болды. «Галатасараймен» 1-1 болған ойында есеп ашты. Европа Лигасында «Зриньски» қақпасына доп соғады.
Ұлттық құрама сапында
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрама сапында 2001 жылы қазанның 16 жұлдызында Эстония құрамасына қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Алғашқы добын Армения құрамасына соқты.
Клубтық карьера кестесі
Маусым | Клуб | Ел | Лига | Деңгей | Ойындар | Голдар |
---|---|---|---|---|---|---|
1998 | Нарын | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 13 | |
1999 | Жетісу ФК | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 24 | |
2000 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 22 | 9 |
2001 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 30 | 12 |
2002 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 21 | 4 |
2003 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 30 | 16 |
2004 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 36 | 19 |
2005 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 22 | 9 |
2006 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 28 | 14 |
2007 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 27 | 9 |
2008 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 28 | 12 |
2009 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 24 | 8 |
2010 | Тобыл | Үлгі:KAZ | Премьер лига | 1 | 24 | 12 |
Барлығы | 329 | 124 |
Ұлттық құрамадағы голдары
# | Дата | Қарсылас | Матч қорытындысы | Турнир |
---|---|---|---|---|
1 | 19 ақпан 2004 | Армения | 3:3 | Жолдастық кездесу |
2 | 19 ақпан 2004 | Армения | 3:3 | Жолдастық кездесу |
3 | 2 маусым 2005 | Тәжікстан | 4:1 | Жолдастық кездесу |
4 | 7 қыркүйек 2005 | Грекия | 1:2 | Іріктеу турнирі ӘЧ-2006 |
5 | 24 наурыз 2007 | Сербия | 2:1 | Іріктеу турнирі ЕЧ-2008 |
6 | 11 тамыз 2010 | Оман | 3:1 | Жолдастық кездесу |
Табыстары
Командалық
- Қазақстан Чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері : 2003, 2005
- Қазақстан Чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері : 2002, 2004, 2006
- Қазақстан Кубогының иегері : 2007
- Интертото Кубогының жеңімпазы : 2007
Жеке табыстары
- Қазақстанның ең үздік футболшысы : 2001, 2003, 2004, 2005
- Қазақстанның спорт шебері
Жеке өмірі
Үйленген. Жолдасының есімі - Әсел. 2001 жылы 4 ақпан күні Нұрбол қызды болды.
Қызықты оқиғалар
- «Тобыл» сапында өткізген алғашқы кездесуінде Жетісу клубына үш доп соғып хет-трик жасаған.
- «Тобыл» сапында ойнаған матчы бойынша рекордсмен.
- Қазақстан құрамасы бойынша үшінші.