Метаморфтық белдем

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:16, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Метаморфтық белдем - жер қыртысы қойнауларының әр түрлі деңгейлеріне тән қысым мен температура жағдайында түрліше өзгерген таужыныстармен сипатталатын аймақтық метаморфизм белдемдері. Жер кыртысының қимасы әдетте эпибелдем, мезобелдем және катабелдем болып жіктеледі. Эпибелдем — жер қыртысының біршама төмен дәрежелі температуралармен және бағдарлы қысым мөлшерлерінің едәуір биік көрсеткіштерімен сипатталатын ең жоғарғы қабатын біріктіреді; мезобелдем — гидростатикалық қысым мен температураның біршама жоғарғы мөлшерімен сипатталатын жер кыртысының ортаңғы деңгейінен көрініс береді; катабелдем — жер қыртысының өте жоғары температуралармен және гидростатикалық қысым жағдайының биік дәрежесімен ерекшеленетін төменгі қабатына сәйкес келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub