Жанартау газдары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:49, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Жанартау газдары - жанартаулар әрекеті кезінде бөлініп шығатын газдардың жалпылама атауы. Олар фумарол газдары және эрупциялық газдар болып екі түрге бөлінеді. Фумарол газдары — жанартау әрекетінің саябырлаған сәттеріде жанартау тостағаны түбінде немесе лава ағымдары өңірінде пайда болған тесіктер мен жарықтар арқылы шапши көтерілген газдар шоғыры. Эрупцнялық газдар — жанартаудың басты әрекеті кезінде үлкен қысыммен аспанға атылатын газдар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>