Жағалардың морфологиясы мен динамикасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:40, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жағалардың морфологиясы мен динамикасы - теңіздер мен мұхиттардың жаға белдемінің қалыптасу зандылықтары мен қазіргі динамикасын зерттейтін ғылыми пән. Теңіз бен құрлық аралығындағы шекаралық белдеуді геологиялық-геоморфологиялық, гидротехникалық және гидрографиялық зерттеулерді біріктіреді. Жаға белдеуінің су үстіндегі бөлігін су астындағы жаға беткейі өзгерістерімен тығыз байланыста қарастырады. Осы бөлікте жаға белдеуінің бедерін қалыптастырушы басты фактор — толқындар энергиясының трансформациясы мен сейілуі орын алады. Анықталған заңдылықтар айлақ құрылысында, жағаны бекітетін қондырғылар салғанда, жағалау- теңіз генезисті кен орындарды іздегенде пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub