Үлкен Алматы бөгеті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:33, 2014 ж. желтоқсанның 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлкен Алматы Бөгеті, Үлкен Алматы өзенінің аңғарында тұрғызылған. Алматы қаласына қауіп туғызатын сел тасқынын бөгейді. Бөгеттің жобасын С.Я. Жук атындағы “Гидропроект” институтының Қазақ бөлімшесі 1974 — 75 ж. жасады, құрылысы 1976 — 79 ж. жүргізілді. 1980 ж. пайдалануға берілді. Бөгеттің биіктігі 40 м, жалпы ұзындығы 422 м, оның ішінде бітеу бөлігі 282 м, сел ағызатын бөлігі 140 м. Бөгеттің бітеу бөлігі дөңбектас-малтатастан үйілген бөгеттен және оның ернеуінде тұрғызылған темір-бетонды тіреуші үстемеден тұрады. Сел тасқынының артық көлемін бөгет арқылы өткізіп жіберу үшін түрлі ағызушы қондырғылар жүйесі жасалған. Бөгеннің сыйымдығы 8,2 млн. м3.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify