Мұсабек Қапанұлы Қапанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:52, 2021 ж. қыркүйектің 10 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету
Мұсабек Қапанұлы Қапанов - 1947 жылы 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ново-Канайка ауылында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1973), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1969 жылдан - «Қайрат» ЕСҚ Орталық кеңесі спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы.
- 1990 жылдан бері - Алматы қаласы Республикалық спорт колледжінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы. ҚазКСР чемпионы (1968-1970) Нәдірбеков Мәлікті тәрбиелеген. Еркін күрестен КСРО спорт шебері. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1979). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2007).
Үйленген. Жұбайы - Серікова А.С., зейнеткер. Қыздары - Айнаш (1972 жылы туған), Айман (1975 жылы туған); ұлы - Алмас (1974 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>