Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:09, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Мағына Үлгі:Ғалым Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов (1940-1981) - биоорганикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым, химия ғылымдарының кандидаты (1971).
- Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген (1962).
- Целиноград медицина училищесінің мұғалімі (1962-65).
- Целиноград медицина институтының бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының ассистенті (1965-1972).
- ҚарМУ-дің аға оқытушысы, органикалық химия кафедрасының доценті (1972-77).
- 1977 жылдан ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының гербицидтер зертханасының меңгерушісі.
ҚарМУ-ге академик Е.А. Бөкетовтің шақыруымен келген, Орталық Қазақстанда табиғи қосылыстар химиясының негізін қалаушы. 40-қа жуық ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми еңбектері табиғи және физиологиялық белсенді қосылыстар химиясына арналған, атап айтқанда, Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығын ұйымдастыруға негіз болды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>