Хабиболла Құсайынұлы Оспанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Хабиболла Құсайынұлы Оспанов (10 шілде 1932 — 25 қараша 2022) — химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983), Халықаралық және Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар ғылым академияларының академигі (1995), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Еңбек жолы

  • 1955 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1965) бітірген;
  • 1955–1958 жылдары Павлодар облысы Майқайың кентіндегі мектепте мұғалім, «Майқайыңалтын» комбинатында инженер;
  • 1958–1962 жылдары орталық лаборатория бастығы;
  • 1965–1976 жылдары ҚазМУ-да кіші, аға ғылым қызметкер;
  • 1976–1983 жылдары профессор;
  • 1983–2002 жылдары кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді;
  • 2002 жылдан ҚазҰУ-да профессор қызметін атқарады;

Ғылыми еңбектері

1979 жылы «Разработка физико-химических основ и принципов прогнозирования последовательного растворения минералов и неорганических материалов (на примере сульфидов, оксидов, силикатов)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектері негізінен химияның және электрхимияның неорганикалық физика, химия технологиясын зерттеу мәселесіне арналған.

1100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 22 монография (мысалы: «Физико-химические основы избирательного растворения минералов», 1993; «Общие принципы урегулирования действия гальванического эффекта между сульфидными в условиях гидрохимического процесса», 2004, т.б.), 20 оқулық пен оқу құралының авторы. 150 өнертабыс пен патенттердің, 3 халықаралық жаңалықтың иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер